Лауазым орындары
________________________________________________________
«Қазақмыс» СК» АҚ ұжымына қосылыңыз!
«Қазақмыс» СК» АҚ 20 жылдан астам уақыт бойы бизнестің әр саласында «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда Компания азаматтық-құқықтық жауапкершілікті, мүлікті, әуе көліктерін сақтандыру бойынша көшбасшы болып келеді және де Қазақстандағы сақтандыру компаниялары арасында сақтандыру сыйлықақысының жалпы көлемі бойынша екінші орында келеді.
«Қазақмыс» СК өзінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ортақ идея төңірегінде жұмылған кәсіпқойлар ұжымы болып келеді. Бүгінгі күні Компанияда 200-ден астам адам еңбек етеді, олар үшін сақтандыру тек қана табыс көзі емес, тәжірибе жинақтап, білім алуға болатын қызықты жұмысболып табылады.
Егер сіз жаңалық ойлап табуға, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылатын адам болсаңыз, біз сізді «Қазақмыс» СК үлкен де ұйымшыл ұжымына мүше болуға шақырамыз.
Біздің тату да кәсіпқой ұжымымызға қош келдіңіз!